Қауіпсіздік елі» инновациялық жобасын іске асыру аясында біздің балаларымыз қауіпсіздік бойынша нағыз сарапшыларға айналды. Қалай дейсіз бе? Әрине, сүйікті дидактикалық ойындар арқылы!
Біз ережелерді жай ғана жаттап қоймай, оларды ойын барысында «сезініп» үйренеміз:
• «Бағдаршам» ойынында Мәші қуыршаққа жолдан дұрыс өтуге көмектесеміз.
• Лото ойынында заттарды «қауіпті» және «қауіпсіз» деп сұрыптаймыз.
• Ойыншық үйімізде «өрт» шыға қалса, «101» нөміріне қоңырау шалуды үйренеміз.
Ойын арқылы алған білім жадыда мәңгі сақталады.









