Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген. Барлығы әсерлі, өте керемет. бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Жаң жағымызға қарап табиғатымыздың осындай керемет екенін түсінеміз. Табиғаттағы жабайы жануарлар туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында көптеген мағлұматтар беріп отырамыз. Соның ішінде кірпі жануарына тоқтала кетпекпіз.             

Кірпі- талғаусыз қоректенетін жануар. Ол әр түрлі жәндіктерді аулап, жеміс- жидектерді жақсы көреді. Жақсы естиді және иісшіл болады. Ол қорыққан кезде домалана қалады.

 Түрлі табиғи  материалдарды қолдану арқылы, шығармашылық қабілеттерін, білімдерін арттыру мақсатында, № 18 балабақша да қызықты «Кірпі» аппликациясын жасалу жолдарын, дайындау элементтерін  кесіп дайындап, өте ыңғайлы гофрленген қағазды пайдалану арқылы балалармен  жұмыстар атқарылды.