Ойын ойнап дамимыз.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде  балаға мектепте қажетті білім негіздері қаланады. Математика-бұл күрделі ғылым, мектептегі оқу кезінде белгілі бір қиындықтар тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, барлық балалардың математикаға бейімділігі және математикалық ойлау қабілеті жоқ. Сондықтан мектепке дайындық кезінде балада математикалық идеялардың негіздерін қалыптастыру маңызды.Балада математикалық ұғымдарын қалыптасуына әр түрлі дидактикалық ойындарды қолдану қажет. Дидактикалық ойындарда жаңа білім қалыптастыруға, балаларды іс-әрекет тәсілдерімен таныстыруға мүмкіндіктер бар. Балабақшада әсіресе дидактикалық ойыншықтар арқылы жүргізілетін ойындар кеңінен пайдаланылады. Белгілі тапсырма міндеті, ережесі бар дидактикалық ойындар да ұйымдастырылады. Дидактикалық ойындарда әр түрлі ақыл ой әрекеттері іске асады. Мысалы: «Танграм» ойынын балаға ұсына отырып, қандай пішіндер, олардың орналасуы, сан сияқты қарапайым математикалық ұғымдарды кеңінен жеткізе аламыз. Біздің балабақшадада тәрбиешілер математика негіздері сабақтарында балалардың ойлау белсенділігін, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Ал күннің екінші жартысында балалар үлкен қызығушылықпен логикалық ойындар ойнайды. Ойын барысында балалар логикалық мәселелерді шешуге үйренеді,танымдық ойлауды,есте сақтауды, зейін мен қиялды дамытады. Балалар Кюизенер таяқшаларымен және Дьенеш блоктарымен ынтамен айналысады. Математикалық ойындар ойнау арқылы балалар маңызды білім алады және оларды өнімді іс-әрекетте шоғырландырады.