Халқымызда «Кәрінің бары игі» деген ежелден келе жатқан нақыл сөздер бар. Қазақ халқы қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық. Ата - бабаларымыздың сара жолын жалғастырып, бүгінгі күні өскелең ұрпаққа үлгі - өнеге көрсетіп, өмірден білген - түйгендерін жастарға үйретіп отырған осы ак сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Шынымен де, «қарт адам - қазына» деген сөздермен толықтай келісемін, себебі қария, ақсақалдар – үйдің берекесі, ақылын айтар дана кісілер. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылып айтар елі мен жерінің кеңесшісі, үйдің ажарын кіргізіп отыратын да– осы кісілер. Қарттарын қадірлеген – ел ардақты. Осы айтылған сөздерді өнеге етіп біздің № 18 бөбекжай-бақшасының «Бота» тобының бүлдіршіндеріде өз ата-әжелерін 1 қазан халықаралық қарттар күнімен құттықтап өтті. Балалар ата-әжелеріне өз қолдарымен сыйлық дайындап, бейнероликпен өз алғыстарын айтып құттықтады.