1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні бүкіл республика бойынша мерекеленеді. Бұл мерекеге тарихта маңызды орын беріледі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге байланысты біздің балабақшада 30 қарашада жоспар бойынша Тұңғыш Президент Күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді. Балабақшадағы Тұңғыш Президент күнін мерекелеудің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының қызметі туралы ұғымды кеңейту және ҚР Президентіне құрмет сезімін тәрбиелеу болып табылады. «Отан» ұғымын дамыту, табиғи ресурстарға бай ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, танымдық белсенділікті, ойлау мен есте сақтауды дамыту, патриотизм сезімін тәрбиелеу. Өтпелі тақырып аясында барлық топтардың тәрбиешілері осы күн қарсаңында балабақшада «Біздің көшбасшымыз!» атты іс-шара өткізді. Кіші топтарда тәрбиешілер «Менің Қазақстаным» тақырыбында әңгіме өткізді, орта және үлкен топтарда тақырыптық сабақтар өтті, онда балалар өз елі, біздің тұңғыш Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметі туралы көбірек білді, Отан, Қазақстан Республикасының рәміздері, Президент туралы тақпақтарды мәнерлеп оқыды, әндер айтты, слайдтық презентация көрді.